Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Украинамен соғысқа қатысқан Қазақстан азаматы Ресейде жерленді

10:18, 28 мамыр 2024 1007

23 мамырда Ресейдің Жоғары Бұғалыш ауылында Украинада қаза тапқан 18 жастағы әскери қызметкер Данил Ермоленко жерленді, деп хабарлайды Alash.kz.

Ресейлік Mediazona басылымының мәліметінше, Ермоленконың Қазақстан азаматтығы болған, бұған дейін ол Ақмола облысы Бурабай ауылындағы емханаға бекітілген. Соғысқа қатысқанға дейін ол Ресейде тұрған. Марқұмның туыстары бұған дейін әлеуметтік желіде оның тұрған жері туралы ақпарат сұраған видео хабарламалар жариялаған. Олар өз өтініштерінде Данилдің десанттық отрядтың жауынгері екенін және «Қазақ» деген шақыру белгісін көрсеткен.

Жарияланған мәліметтер базасынан басылымның алған ақпараты бойынша, Ермоленко 6 сәуірде Донецк облысының Бердычи ауылына жауынгерлік тапсырмамен аттанған, содан кейін онымен байланыс үзілген. Мамыр айының басында ресейлік әскерилер ауылды бақылауға алғанын хабарлады. Соңғы уақытқа дейін Ресей үкіметі марқұмның отбасына Данилдің із-түзсіз жоғалғандар тізімінде екенін хабарлап келген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар