Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Украина жеңілсе, Ресейге қарсы АҚШ әскер кіргізеді - Хаким Джеффрис

19:46, 06 мамыр 2024 646

Украина құлаған жағдайда АҚШ-қа қарулы күштерін енгізу арқылы қақтығысқа араласуға тура келеді, деп жазады alash.kz сайты inbusiness.kz сайтына сілтеп.

"Біз Украинаның құлауына жол бере алмаймыз, өйткені ол жеңілген жағдайда, Американың ақшамен ғана емес, әскери күшпен де қақтығысқа түсуіне тура келеді", — деді Америка конгресінің өкілдер палатасындағы демократиялық азшылықтың жетекшісі Хаким Джеффрис CBS News-ке берген сұхбатында.

Оның пікірінше, АҚШ-тың Республикалық партиясында ресейшіл фракция күшейіп келеді, онда Украинаны қолдағысы келмей, "бізге белгісіз себептермен Ресей АҚШ-тың жауы емес деп санайтындар" қатары өскен. Сондай-ақ, Джеффрис Өкілдер палатасында Ресейдің жалауын көтеріп жүргендер тобын республикалық конгрессвуман Марджори Тейлор Грин басқарады деп мәлімдеді.

Ақпан айында Франция президенті Эммануэль Макрон батыс елдерінің басшылары Украинаға әскер жіберу мүмкіндігін талқылағанын айтты. Ол ортақ шешімге әлі келе алмағандарын мойындағанымен, "бәрі мүмкін" екенін ескертті. Кейінірек Кремльде Мәскеудің Макронның Еуропада Украинаға әскер жіберу тақырыбы талқыланғаны туралы сөздеріне назар аударғаны, оның Ресейді Украинада стратегиялық жеңіліске ұшырату  туралы ұстанымы да белгілі екені хабарланды.

Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгу телефон арқылы француз әріптесі Себастьян Лекорнға француз әскерлерін Украинаға жіберу Францияның өзіне қиындық туғызатынын айтты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар