Актер Азамат Сатыбалды желідегі парақшасында тосын жазба жариялап, елді ойландырып қойды, деп жазады Alash.kz.
"Пендемін... Абайсызда біреуді ренжітсем, тілім тиіп кетсе, жалына кешірім сұраймын. Ал мені ренжіткендерге еш өкпем жоқ. Бәріңді жақсы көремін", - деп жазды актер Threads парақшасында.
Өнер иесінің жазбасы көпті алаңдатып қойды.
"Бәрі дұрыс па, әйтеуір?", "Тыныштық па?", "Ойбай, аға! Не болып қалды?", "Мен де депрессия кезінде сөйтіп айта беретін боппын... Аман жүріңіз!", - деп жазды желі қолданушылары.