Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Түрмеде отырып 95 ән жаздым: Жарты күнде 14 млн теңге тапқан Мұрат Әбділдә қазіргі жағдайын айтты

21:59, 19 қыркүйек 2024 3397

Өзін композитормын деп таныстыратын желі жұлдызы Мұрат Әбділда түрмедегі тағдырын баяндады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

 “Мен сотталатыныма сенбедім. Қолыма кісен салғанда қол-аяғымды сезбей қалдым. Артық айтқан сөзім үшін сотталып кеттім. Қазір заң қатал. Түрмеге түсу үшін адамды ұрып-соғып, өлтірудің қажеті жоқ. Біреуді балағаттағаның үшін де істі боласың. Бірақ осы жағдай мені өзгертті. Мұның да қайыры бар деп ойлаймын. Барлығы біледі, мен ішетінмін. Ал түзету мекемесінде арақ-шарап жоқ. Сондықтан екі жарым жыл қаным таза болды, ішкен жоқпын. Бостандыққа шыққан соң да өзіме деген сенімділік пайда болды, ішкен жоқпын. Алланың қайырлы бір ісі сол болды”, – деді желі жұлдызы. 

Түрмеде отырғанда жүзге жуық ән жазғанын да жасырмады.

“Бостандықта жүрген кезінде дүние қуып, плагиатқа, жалқаулыққа, өтірік істерге үйреніп қалған едім. Өзім ақын болған соң кез келген шетелдік әнге сөз жазып, студияға барып, жаздыра салатынмын. Бірақ мен негізі композитормын. Қазақ елі менің композитор екенімді біледі. 22 әнімің біреуі өзімдікі. Сол жаққа барып, Алланың қалауымен 95 ән шығарып қайттым. Ешқандай плагиат емес, қазақтың бір жігітінің шығарған әні деп білсеңіздер екен. Сөзін де өзім жаздым. Қыркүйек айының соңында "Маған ұнайсың" деген керемет әнімді сіздерге ұсынамын", – деді Мұрат Әбділда.  

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар