Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Түлектер кеші: Маңғыстауда ата-аналардың өздері балаларына жасырып үй жалдап берген

09:24, 28 мамыр 2024 874

Маңғыстау облысында ата-аналар түлектерге өздері жасырын үй жалдап берген, деп хабарлайды Alash.kz Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақ желкен ауылында кезекшілікте жүрген ұстаздар түлектер мектеп бітірулерін жеке үйлерде тойлағанын анықтады.

Кафе және мейрамханалармен қатар жеке үйлерде де кеш ұйымдастыруға тыйым салынғанына қарамастан, түлектердің ата-аналары соңғы қоңырауды тойлау үшін жасырын түрде пәтер жалдаған болып шықты.

Түлектердің ата-аналары шектеулермен таныс екендері туралы қолхат та жазған болып шықты.

Арнайы штаб мүшелері қайта түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

“Ата-аналар, кәмелетке толмаған балаларыңыздың қауіпсіздігіне жауапты сіздерсіздер. Алдын ала бұл туралы сіздерге ескертілді. Біле тұра осындай нәрсе жасап отырсыздар", – деп түсіндірді №15 орта мектептің директоры Асқар Досов.

Айта кетейік, бұған дейін желіде мұғалімдерді пост жазуға мәжбүрлеп жатқаны туралы ақпарат тарады. Айтуларынша, оларға соңғы қоңыраудың өтпейтіні туралы шешімді қолдап пікір қалдыру талап етілген

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар