Түркияның Каппадокия аймағында шетелдік турист қыздың әрекеті үлкен дау тудырды, деп жазады Alash.kz.
Ол Түркия туын флагштоктан шешіп, одан би сырығын жасаған. Бұл әрекет қоғамда кең талқыға түсіп, наразылыққа себеп болды.
Невшехир провинциясы әкімшілігі ресми мәлімдеме жасап, аталған жағдайға қатысты тергеу басталғанын хабарлады.
“Ту – біздің абыройымыз, көздің қарашығындай құндылығымыз. Мұны түсінбейтіндерге ескерту жасалып, бірден шара қолданылуы тиіс. Біз Каппадокияға келген туристерге әрқашан қонақжайлық таныттық. Алайда ұлттық әрі рухани құндылықтарымызға деген мұндай құрметсіздікті мүлде қабылдай алмаймыз”, – деді депутат.
Невшехирдің Бас прокуратурасы шетелдік азаматқа қатысты Түркия Қылмыстық кодексінің 300 және 301-баптары бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл баптарға сәйкес, оған үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.