Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Төрт жігіт досы "гей" екенін біліп оны ұрып, үстіне үтік басып қинаған

19:16, 15 тамыз 2024 661

Төрт жігіт досын "Гей Шымкент" тобына қосылғаны үшін ыстық үтікпен азаптап, қорлық көрсеткен, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Skifnews.kz  сайтына сілтеме жасап.

Метро Telegram-арнасының мәліметінше, төрт жігіт досының аталған топтың мүшесі екенін білген соң оған қатыгездік жасаған. 

"Шымкентте бір топ жігіт "досының" "Гей Шымкент" тобының мүшесі екенін біліп, оны шақырып, аяусыз азаптаған. Олар пәтер жалдап, "досын" сол жерге шақырып, иығына ыстық үтік басқан. Сондай-ақ қолын, аяғын орындықпен және басқа да заттармен ұрып-соғып, азаптаған.  Қорқытып, “педофилия жасадым” деген сөзді айтқызып, видеоға түсіріп, 500 мың теңге бопсалаған", – делінген ақпаратта.

Ақырында жәбірленуші олардың сұраған ақшасын тауып беруге уәде берген. Алайда олардың құрығынан құтылып шыққан соң полицияға хабарласады. Нәтижесінде сот айыпталушылардың бұрын сотты болғанын ескере отырып, осы іске ең белсенді екі қатысушыны төрт жарым және үш жарым жылға бас бостандығынан айырды. Қалған екі сыбайласы үш жыл мерзімге пробациялық бақылауға алынды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар