Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тайваньда 25 жылдағы ең қуатты жер сілкінісі тіркеліп, 4 адам қаза тапты

03 сәуір 2024 173

Тайваньда соңғы 25 жылда болған ең қуатты жер сілкінісінің салдары туралы хабарлады. 


Тайваньда 25 жылдағы ең ауыр жер сілкінісінен кейінгі қирау туралы хабарланды. Бұл хақындаТайвань метеорологиялық басқармасының сейсмикалық өлшеу және болжау орталығының директоры У Цзяньфу мәлімдеді. 


Магнитудасы 7-ден асатын жер сілкінісі Тайваньның шығысында болды, эпицентрі Хуалян қаласының маңы. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша,ғимараттар құлаған. Соңғы рет мұндай екпінді жер дүмпуі 1999 жылы тіркелген. 

Естеріңізге сала кетейік, 1999 жыл, 21 қыркүйекте "921 жер сілкінісі" деп аталатын жер сілкінісі Джи Цзи қаласында болды. Сол кезде апат салдарынан 2,4 мыңнан астам адам қаза тауып, 11,3 мың адам жарақат алды. 100 мыңға жуық адам үйсіз қалды.

Сәрсенбінің таңсәрісінде болған зілзала салдарынан қаза тапқандар саны 4-ке дейін өсті,ал зардап шеккендер саны 97-ге жетіп отыр.  

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?