Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Танымал журналист Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болды

19:00, 22 шілде 2025 246

Танымал журналист Бекзат Жүсіп Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы. 

“Жүсіп Бекзат Бақбергенұлы 1989 жылы Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Ұштаған ауылында дүниеге келген. 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін, Ұлыбританиядағы Шығыс Англия университетінің магистратурасын тәмамдаған. «Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлегі”,- делінген қала әкімдігі таратқан хабарламада.

Еңбек жолын 2006 жылы «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалында редактор қызметінен бастаған. 

2009-2013 жылдары республикалық телеарналарда жұмыс істеді.

2013-2016 жылдары – Қызылорда облысы әкімінің баспасөз хатшысы – бас инспектор.

2019-2021 жылдары – «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының директоры.

2021-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары болды.

2022–2023 — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары

2023–2024 — «Qazcontent» АҚ Басқарма Төрағасы лауазымдарында болды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар