Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желіде қуанышты хабарды жеткізді, деп жазады Alash.kz.
Бүгін, 13 тамыздан бастап Starlink компаниясы Қазақстан аумағында ресми түрде спутниктік интернет қызметін іске қосты. Осы бір керемет хабарды Асхат Аймағамбетов Facebook желісіндегі ресми парақшасында сүйіншіледі.
"Starlink – Қазақстанда. Ресми. Шалғай ауылдан мегаполиске дейін әлемдік деңгейдегі интернет қолжетімді", – деп жазды Асхат Аймағамбетов.