Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков тұрғын үйлерді газға қосу барысында әжелермен сөйлесіп, кеңес берді, деп хабарлайды Alash.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Әкім әңгіме кезінде оларға йога және стретчингпен айналысуға кеңес берді.
Серуендеңіз, йогамен айналысыңыз. Буындарыңызды созыңыз, бұл стретчинг деп аталады. Бұл сіздің денсаулығыңызға пайдалы болады", - деді әкім.
Әжелер әкімнің кеңесіне күліп, өздеріне ойын алаңын жасап беруін өтінді.
Әкімнің бұл ұсынысы оларды онша қызықтырмаған сияқты.