Мұхтар Мағауиннің үлкен ұлы Мағжан Мағауиннің өмірден өтті, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Қаралы хабарды халқына Айдар Қырықбай естіртті.
23 маусым күні атақты қаламгер Мұхтар Мағауиннің ұлы Мағжан Мағауин өмірден өтті. Бұл туралы марқұмның туыстары хабарлады.
Жазушының ұлы өмір бойы Алматыда тұрған еді. Жалпы Мұхтар Мағауиннен төрт ұл, екі қыз тараған.
Мағжан Мағауин биыл қаңтарда әкесімен соңғы рет Түркияда жолыққанын айтып, естелігімен бөліскен еді.
Alash.kz ұлттық порталы атынан марқұмның барлық туыстары мен қазақ халқына қайғыра көңіл айтамыз.