Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шымкентте оқ тиген Руслан Берденов партиядағы қызметінен кетті

11:08, 26 маусым 2025 120

Руслан Берденов Respublica партиясының тең төрағалығынан да кетті, деп жазады Alash.KZ.

Бұл ақпаратты партия баспасөз қызметінің өкілі ұялы телефонмен сөйлесу барысында растады.

Бұған дейін Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қарулы шабуыл жасалған болатын. 

Оқиға 21 сәуір күні кешкі сағат 20:30 шамасында қалалық әкімдік ғимаратының жанында болған. Шенеунік бірнеше жерінен жараланып, жедел түрде ауруханаға жеткізілді. 

Полиция дерегінше, Берденовке «Сайга-12» маркалы қарудан үш рет оқ атылған, оның екеуі денесіне тиген. Өміріне қауіп төндірмейтін жарақат алған болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар