Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шымкент әкімдігі миллиардтаған қаржы бөледі: “Ордабасы” капитаны айына 20 млн теңге алады

11:40, 17 наурыз 2025 196

Ғабит Сыздықбеков «Ордабасы» клубын сынға алды, деп хабарлайды Alash.kz. 

Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков «Ордабасы» футбол клубын «батпаққа батқан» команда деп атады. Оның айтуынша, ойыншылардың орташа жалақысы – 15 миллион теңгені құрайды.

 

«Ойыншылармен келісімшарттар екі жылға жасалған және олар УЕФА-да тіркелген. Егер біз бұл келісімді бұзсақ, толық көлемде өтемақы төлеуге мәжбүр боламыз. Асхат Тағыбергеннің ойнауға жағдайы жоқ, бірақ кеткісі де келмейді, тек жалақысын алып отыр. Ашық айтайын, оның айлығы – 20 миллион теңге. Бұл жағдайда мен ештеңе істей алмаймын», – деді әкім.

Бұған дейін Ғабит Сыздықбеков Шымкент әкімдігіне Мәжіліс депутаты, Respublica партиясының өкілі Руслан Берденовты орынбасар ретінде шақырғаны хабарланған еді.

Берденов: «Шымкентте сыбайлас жемқорлық жоқ», – деп мақтанышпен мәлімдеген еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар