Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шығыс Қазақстан облысында ер адам екі кішкентай баланы алаулап жанып жатқан өрт арасынан алып шықты

09:37, 16 қазан 2025 109

Өрт Глубокое ауданы, Черемшанка ауылында болды. Төрт бала өрт құрсауында қалған, ал анасы жұмысқа кеткен, деп хабарлайды  Alash.kz ұлттық порталы.

Halyqstan хабарлауына қарағанда, екі үлкен (2012 және 2019 жылы туған) өз бетінше шығып, көршілерін көмекке шақырды. Балалардың жанұшара сұраған көмегіне жергілікті тұрғын Дмитрий Недрелов назар аударады. Ойланбастан жанып жатқан үйге жүгіріп барып, екі кішкентай баланы (2021 және 2023 жылы туған) көшеге шығарды.

ШҚО ТЖД мәліметтері бойынша өрт сөндірушілер жедел келіп, 45 шаршы метр аумақтағы өртті жойды. Барлық балалар ауруханаға жеткізілді. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Көршілерінің айтуынша, жалғызбасты анасы 4 бала тәрбиелеп отыр. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар