Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шымкентте 11-сынып оқушысы өзіне қол жұмсады

10:17, 14 мамыр 2024 606

Шымкентте мектеп оқушысы өзіне қол салған, деп хабарлайды "Alash.kz.

Марқұмның №9 мектептің 11-сынып оқушысы екені анықталды. Қайғылы жағдай 12-мамыр күні болған.

Оқушының мәйіті үйіндегі өз бөлмесінен табылған. Өкінішке орай дәрігерлер оны аман алып қала алмаған.

Ал мектеп әкімшілігі шәкірттің үлгерімі жақсы әрі мектеп қабырғасында белсенді болғанын айтады. Оның ешкіммен дауласып, ұрыспағанын, есепте тұрмағаны айтылды.

Оқушы қыздың өліміне қатысты Шымкент қаласының полиция департаменті тергеп-тексеру жұмыстарын бастады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?