Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Сауда үйі өртеніп, шатыры опырылған” - Қызылорда облысында сұмдық апат орын алды

09:57, 17 тамыз 2025 176

Қызылорда облысының Жаңақорған кентінде ірі өрт тіркелді, деп хабарлайды Alash.kz. 
Сауда үйінің ғимаратында басталған өрт қысқа уақыт ішінде бүкіл аумаққа тарап, шатырдың құлауына әкеп соқты. 

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәліметінше, өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде ғимаратта ашық жалын байқалған. Жану қарқынды түрде жүріп, от аумақты кең көлемде шарпыған. Шатырдың құлауы жағдайды қиындата түскен.

Өртті ауыздықтау үшін үздіксіз су беру ұйымдастырылды. Бірнеше өрт сөндіру тобы мен су құбырлары іске қосылған. Қазіргі сәтке дейін зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Министрлік таратқан хабарламада айтылғандай, құтқарушылардың жедел әрекеті арқасында өрттің одан әрі таралуы тоқтатылды. Дегенмен жалынды толық сөндіру жұмыстары әлі де жалғасуда. Бұған ғимараттың құрылыстық ерекшеліктері, ішінде жанғыш материалдардың көп болуы және қою түтін кедергі келтіріп отыр.

Қазір төтенше жағдай орнында мамандар жұмыс істеп жатыр. Өрттің себебі анықталуда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар