Алматыдағы бұрынғы DoubleTree by Hilton Almaty қонақүйі электронды сауда арқылы 12,3 млрд теңгеге сатылды. Қайрат Сатыбалды мемлекетке сыйға берген нысан бұған дейін бірнеше рет саудаға шығарылғанымен, сатып алушы табылмаған болатын, деп жазады Alash.kz
Досмұхамедов көшесі, 115 мекенжайында орналасқан қонақүй – 11 қабатты ғимарат. Жалпы аумағы 16,2 мың шаршы метрді құрайды. Мұнда 112 нөмір, мейрамхана, бассейн, SPA-аймақ, фитнес орталығы және банкет залы бар.
Қонақүйді сату әрекеті бұған дейін екі рет нәтиже бермеген. Қыркүйек пен қазанда өткен алғашқы сауда-саттыққа сатып алушылар қатыспаған.
29 қазанда өткен үшінші саудада нысанның бастапқы бағасы 38,28 млрд теңге болып белгіленген. Ал сауда барысында бағаны 8,93 млрд теңгеге дейін төмендету мүмкіндігі қарастырылған еді.
Еске салайық, қонақүй 2023 жылдың қыркүйегінде Қайрат Сатыбалдының сыйға тарту шарты негізінде мемлекет меншігіне өткен.
Сатыбалдының мемлекетке қайтарған қонақүйі ақыры сатылды
"400-ге жуық мал ұрлаған" - Жамбыл облысында мал ұрлығына қатысты күдіктілер ұсталды
20:40, 30 қазан 2026
«40%-ға дейін өседі»: 2027 жылдан бастап кімдердің жалақысы көбейетіні белгілі болды
16:16, 30 қазан 2026
«Түркістан шаһары келесі жылы Ислам әлемінің мәдени астанасы атанбақ» – Президент
14:45, 30 қазан 2026
«Адвокат араласқан». Әкесі өлтірген бе? Қостанай облысында 5 жасар бала қаза тапты
14:39, 30 қазан 2026
«Ресей түркі елдерінің бір бөлігі болса, бәрімізге пайдасын тигізер еді» – Тоқаев
14:29, 30 қазан 2026
«Сүйемін деші. Амал жоқ, ұялдым»: Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі ренішін айтты
12:13, 30 қазан 2026
«Өз үйінде көз жұмған». Қаралы хабар: Әйгілі актер 86 жасында өмірден өтті (ФОТО)
11:56, 30 қазан 2026
«Қол алысты»: Ресей мен Украина өкілдері алғаш рет жабық кездесу өткізді (ВИДЕО)
10:08, 30 қазан 2026