Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Салық кодексі”. Сүйінші! Асхат Аймағамбетов бар қазаққа жағатын қуанышты жаңалығын бөлісті

21:34, 23 маусым 2025 2886

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Салық кодексі бойынша бірқатар ұсыныс енгізілгенін айтып, қуанышты жаңалығын жария етті, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы. 

“Салық кодексі бойынша жақсы жаңалық! Жаңа Салық кодексі бойынша жұмыс барысында бірқатар маңызды ұсыныс енгіздік. Оның біразы бірден қолдау тапты. Ал кейбірі, жұмыс тобының сүзгісінен өтпей қалды. Бірақ бүгін, басынан қорғап келе жатқан бірнеше ұсынысымыз бойынша нормаларды Сенат қабылдады:

Kaspi мен Halyk арқылы ақша аударымдарына ҚҚС салынбайды

Ең қызу талқыланған мәселелердің бірі — банктік аударымдарға қосылған құн салығын (ҚҚС) енгізу болды.

Біз бұл бастамаға басынан-ақ қарсы болдық. Өйткені Kaspi немесе Halyk арқылы қарапайым ақша аударсаң- мысалы, балаңа түскі асқа аударсаң,  осы соммаға тағы 16% салық қосу деген ақылға қонбайды. Бұл адамдарға да, банктерге де ауыр соққы болар еді. Айта кету керек, бұл мәселеде Ұлттық Банк те нақты және берік ұстаным танытты.

Инвестициядан түсетін дивидендтерге жаңа салық салмау

Келесі мәселе - инвесторлардың дивидендтеріне ЖТС (жеке табыс салығы) салу туралы бастама.

Бір жағынан, мемлекет халықты “IPO-ға қатысыңдар”, “KEGOC”, “Эйр Астана” сияқты компаниялардың акцияларын алыңыздар деп шақырып жатыр. Екінші жағынан - сол акциялардан түскен шағын табысты салыққа байлап қоймақ болды. Бұл қисынсыз. Біз қарсы болдық.

Қазақстанда халықтың көбі инвестицияны әлі де жылжымайтын мүлік арқылы жасайды. Ал бүкіл әлемде бағалы қағаздарға инвестиция салу - қалыпты тәжірибе.

Егер бұл норма өткенде, жаңа бастамасымен акция сатып алып жатқан адамдардың өзіне бұл кері әсерін тигізер еді. Енді бұл жеңілдік сақталады.

Баспа басылымдарына 10% ҚҚС — нақты қолдау

Біз әріптесім Нартай Сәрсенғалиев екеуміз бірнеше рет ұсындық - отандық баспа басылымдарына жеңілдіктер, ҚҚС мөлшерлемесін азайтуды ұсындық.

Бастапқыда бұл бастама қолдау таппаған. Бірақ бүгін Сенат оны да қабылдады. Енді баспа өнімдеріне ҚҚС тек 10%.

Бұл дегеніміз - мектеп газеттерінен бастап, аудандық және республикалық журналдарға дейінгі барлық баспа басылымдарына нақты көмек.

Бастапқыда қолдау таппаған бірнеше ұсынысымыз - ақыры қолдау тапты”,- деп жазды депутат. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар