Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Рөлде 13 жастағы бала болған: Алматы облысында жол апатынан 2 адам қаза тапты (ВИДЕО)

13:12, 15 қазан 2025 145

Алматы облысында болған ауыр жол апатында екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Alash.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, "ВАЗ" көлігінің жүргізушісі жол ережесін бұзып, Hyundai автокөлігіне жол бермеген. Ал Hyundai-дың рөлінде 13 жастағы жасөспірім болғаны айтылуда.

Бұл туралы кадрлар мен ақпаратты Qumash Telegram-арнасы жариялаған:

"Болжам бойынша, "ВАЗ-дың" 34 жастағы жүргізушісі басты жолмен келе жатқан Hyundai Grandeur көлігіне жол бермеген. Рөлде 13 жастағы бала болған. Соққының қаттылығынан Hyundai бағанға соғылған. Өкінішке қарай, "Лада" жүргізушісі мен қасындағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Ал бала ауруханаға жеткізілді", – делінген жазбада.

Алматы облыстық Полиция департаменті бұл ақпаратты растады. Ведомство мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 13 қазанға қараған түні Қарасай ауданының Жалпақсай ауылында болған.

"Шамамен түнгі 00:30 шамасында "ВАЗ" және Hyundai Grandeur көліктері соқтығысқан. Алдын ала мәлімет бойынша, "ВАЗ" жүргізушісі қосалқы жолдан шығып келе жатып, басты жолмен келе жатқан көлікке жол бермеген", – деп хабарлады полиция өкілдері.

Апат салдарынан "ВАЗ" жүргізушісі мен қасындағы жолаушысы оқиға орнында қаза тапқан, ал екінші көліктің жүргізушісі (13 жастағы бала) түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Қазіргі уақытта оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар