Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ресей 2026 жылы соғысты жеңіспен аяқтайды – сарапшылар

10:39, 16 ақпан 2024 300
Сарапшылар Ресейдің бүгінге дейін сәтсіздікке ұшырағанын жазып, жаңа әрі нақты жоспар құрғанын айтты. Ресейдің қарулы күштері жайлы сарапшы Джек Уотлинг пен Ник Рейнолдстың соғысқа қатысты болжамдарын айтты. Олардың пікірінше, Кремльдің соғысқа қатысты нақты жоспары дайын және ол үш кезеңнен тұрады.

Бірінші кезеңде 2024 жылдан бастап Ресей әскері Украинада жан-жақтан шабуылды күшейтіп, майдан даласындағы қысымды арттыра түседі. Бұл Киевті кадрлық резервінен айыру және қару тапшылығын арттыру үшін жасалған тактика.

Екінші кезеңде Ресейдің арнайы күштері Украинаны қолдайтын Батыс елдерін Киевті қолдауын азайту үшін түрлі ақпараттар мен мақалалар, видеолар шығарып, Батыс қоғамының украин халқын қолдауын азайтуға тырысады.

Аталмыш екі кезеңді іске асырғаннан кейін, үшінші кезеңде Мәскеу Украинада жаппай шабуылға шығып, Киевті Ресей шартына көндіріп, капитуляцияға қол қойдырмақ. Сарапшылар Ресейдің бұл жоспарына сәйкес Ресей әскері 2026 жылы Украина соғысын жеңіспен аяқтауы тиіс.

RUSI сарапшылары Ресей әскері үлкен шығынға ұшырауына қарамастан жыл өткен сайын Украина аумағындағы саны артып келеді дейді. 2022 жылы Ресей Украинада ресми 170 мың әскерінің барын айтса, 2024 жылы олардың саны 470 мың адамға жеткен.

Ресейлік әскери өндіріс саласы да әлі екі-үш жылға жуық үздіксіз соғыс жүргізуге қабылетті дейді сарапшылар. Ресей снаряд және зымыран қорын Солтүстік Корея мен Иран арқылы толтыра білді, ал Ресей зымырандарына қажетті чиптерді санкцияны айналып өтетін қара нарық арқылы алуда.

Ресей Украина жерінде 3000 танкісін жоғалтса да, әлі танк қоры Украинадан 3 есе көп дейді мамандар. Алайда Ресейдің танк шығару мүмкіндігі екі-үш жылда еселеп азаймақ, өйткені қазіргі шығарылып жатқан танктер жаңа үлгі емес, 1970-80 жылғы модернизацияланған танктер саналады. The Military Balance ақпаратынша Ресей ескі танктерді модернизациялау арқылы шабуыл потенциалын түсіріп алмауды ойлауда.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар