Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шымкентте бір жасар бала 4 сантиметрлік шегені жұтып қойған (ВИДЕО)

10:08, 29 қазан 2025 122

Шымкент қаласында бір жасар бүлдіршін байқамай 4 сантиметрлік шегені жұтып қойған, деп Alash.kz ұлттық порталы Almaty.tv арнасының сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Абырой болғанда, баласының тынысы тарылып, қиналып қалғанын дер кезінде байқаған анасы жедел жәрдем шақырып үлгерген.

Дәрігерлер шұғыл тексеріс жүргізіп, баланың көмейінен темір шегені алып шыққан. Алайда жағдайы ауыр болғандықтан, сәби жансақтау бөліміне жатқызылған. Қазір бала анасымен бірге ауруханада ем қабылдап жатыр.

"Бала шұғыл түрде операция залына жеткізіліп, бронхоскопия процедурасы жасалды. Процедура барысында баланың кеңірдегінде бөгде заттың тұрғаны анықталып, ол эндоскопиялық қысқыштар арқылы алынды. Баланы бір күн реанимацияда бақылауда ұстадық, содан кейін хирургия бөліміне ауыстырылды", – деді эндоскопист-дәрігер Бабур Рахманқұлов.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар