Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Тағы да елеусіз қалды… Әділетсіздік!”: Қарақат Әбілдина ел естімеген шындықты айтты

20:17, 28 қазан 2025 712

Әнші Қарақат Әбілдина желіде жазба жариялап, “Ұлытау” тобының марапатсыз қалғанына ренішін білдірді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

“Қазір әлеуметтік желіде қозғап жатқан мәселе туралы менің де айтарым бар!

25 жыл бойы домбыраны арқалап, 25 жыл бойы қазақтың үнін әлемге танытып, 25 жыл бойы мәдениет үшін тынымсыз еңбек еткен “Ұлытау” тобы  @ulytau_official  кеше тағы да елеусіз қалды…

Жоқ, олар марапат сұрап отырған жоқ. Бірақ еңбектің ескерілмеуі -  әділетсіздік! Олар - қазақтың брендіне айналған бірегей топ. Олар - Моцарт пен Құрманғазыны бір сахнада үндестіре алған құбылыс! Олар – этно-рокты идеология үшін сахнаға алып шыққан талант иелері!

“Ұлытау” болмаса, бүгінгі жастар күйге дәл осылай ғашық болар ма еді?  “Ұлытау” болмаса, домбыра дәл осындай жаңа тыныс алар ма еді?

“Ұлытау” болмаса, домбыраға стадион толы халық жиналар ма еді?

Сонда қалай? Марапат кімге беріледі?!

Халықтың жүрегінен орын алған топқа  осы уақытқа дейін ресми түрде бір жапырақ қағаз да бұйырмауы бұл әділет пе, ағайын?

“Ұлытау” тобының продюсері @kydyrali_bolman -ның жары болғаным үшін  ғана емес, мәдениеттің жанашыры, ұлттық рухтың үнін көтеріп жүрген әнші, ана, азамат ретінде айтарым мынау:

“Ұлытауды” марапаттау – күйге, домбыраға, ұлттық рухқа бас ию. “Ұлытауды” елемеу – ұлттық өнерді, адал еңбекті елемеу.!

Сіз қалай ойлайсыз?”,- деп жазды Қарақат Әбілдина.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар