Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ресейге қарсы заңсыз санкциялар екі арасындағы экономикалық дамуға нұқсан келтіре алмайды – Бородавкин

21:28, 11 маусым 2025 421

РФ-ның Қазақстандағы Елшісі Алексей Бородавкиннің айтуынша, былтыр екі ел арасындағы тауар айналымы 28 млрд доллардан асты.

«2024 жылы шетелдік инвесторлар арасында Ресей бірінші орынға шықты. Бейресми деректер бойынша, Қазақстанға жинақталған ресейлік инвестиция көлемі шамамен 56 млрд», - деді Бородавкин Ресей күніне арналған Астанадағы салтанатты қабылдауда сөйлеген сөзінде.



Шарада Сенат спикері Мәулен Әшімбаев та сөз сөйледі.

«Қазақстан мен Ресейді әлемдегі ең ұзын құрлық шекарасы байланыстырады. Одан да маңызды дүние бар. Бізді өзара құрмет пен сенім тарихының ортақ құндылықтарына негізделген берік адами қарым-қатынастар желісі біріктіреді», - деді ол.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар

23 бала көз жұмды

15:47, 12 маусым 2025 128