Әнші Роза Әлқожа қыз ұзатамын деп желі қолданушыларының сынына ұшырады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Ozgeris.info сайтының хабарлауынша, желі қолданушыларына әншінің ұзатылған қызға арнап төселген ақ матамен жүргені ұнамай қалған.
"Ақ мата кім үшін төселген?", "Апым ақ жолды өзі иеленіп алыпты ғой", "Ақ матаны әнші емес қыз басуы керек қой", "Роза ма тұрмысқа шығып жатқан", "Ұзатуға қаншаға шығады?", "Қыз шетке шығып қалыпты. Роза апамыз өзіне төсеген деп ойланып қалуы керек", деп жарыса жазды жұрт.