Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Баршаңызға жұғысты болсын”: Мақпал Жүнісова отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісті (ВИДЕО)

10:10, 18 тамыз 2026

Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісті, деп жазады Alash.kz.

Өнер иесі бауырының ұлы шаңырақ көтеріп, әулетке жаңа келін түскенін сүйіншілеп жеткізді.

Әнші қуанышты сәттен бейнежазба жариялап, жас жұбайларға ән арнап, ақ тілегін білдірді.

“Келінжан” әнімен Ақеркедей ақ келінмен анамның немересі Бексұлтан  отау құрды, құтты келін болсын, баршаңызға жұғысты болсын!, – деп жазды Мақпал Жүнісова.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар