Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қуан, Қазақ елі! Жеңіс тұғырын ешкімге бермейтінін тағы да дәлелдеді» – Нартай Аралбайұлы

15:16, 04 қараша 2026

VIII шақырылым Мәжіліс депутаты, Республикалық Дәстүрлі садақ ату федерациясының президенті Нартай Аралбайұлы желідегі парақшасында сүйінші жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz.

Оңтүстік Кореяда дәстүрлі садақ атудан өткен тұңғыш әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасы топ жарып, әлем чемпионы атанды.

«Сүйінші ҚАЗАҚ ЕЛІ!

Дәстүрлі садақ атудан ҚАЗАҚСТАН Ұлттық құрамасы ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ атанды. 

Алтын тұғыр қазақтың еншісінде. Қуан, Қазақ елі!

30 қазан - 4 қараша аралығында Дәстүрлі садақ атудан тұңғыш Әлем чемпионаты өтті.
Орны: Оңтүстік Корея. 

38 мемлекеттен 700 дәстүрлі садақшы қатысуда. Біз 45 мергенімізді аттандырдық. 

Қазақтың сұрмергендері әлемде теңдессіз екенін, жеңіс тұғырын ешкімге бермейтінін тағы да дәлелдеді. Барлық жеңімпаздарды, жаттықтырушыларымызды, жанкүйердерді құттықтаймын», – деп жазды Нартай Аралбайұлы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар