Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қостанай облысында су тасқынынан зардап шеккендер баспаналы болып жатыр

15:51, 17 сәуір 2024 762
17 сәуір күні қалаға көшкісі келген ауыл тұрғындары жаңа тұрғын үйлерге коныстана бастайды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық портады.

Қостанай облысы әкімдігінің хабарлауынша, Екідин және Қызылжұлдыз ауылдарының 24 тұрғыны Арқалыққа көшу үшін тиісті өтінішті әкімдікке ұсынған.

"Бүгінгі таңда 24 пәтер сатып алуға шарттар жасалды, 16 сәуірде жалпы сомасы 317 миллион 183 мың теңгеге қаражат аударылды. Алғашқы тұрғындардың пәтерлерге қоныстануы осы жылдың 17 сәуірінде басталды. Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Екідін ауылының зейнеткері Сағира Ахметжанның отбасы қоныс тойын тойлады. Арқалық қаласының әкімі Әмірхан Асанов зейнеткерге 2 бөлмелі су жаңа пәтердің кілтін табыс етті.
"Мен аудан басшылығына бізді қиындыққа қалдырмағаны үшін ризамын. Пәтер жөнделген, жиһаздары бар", - деді Сағира Ахметжан. 
 
Сонымен қатар гуманитарлық көмек көрсететіндердің жедел штабы жаңа қоныстанушыларға қажетті азық-түлік, төсек-орын жабдықтарын ғана емес, жиһаздар мен басқа да тұрмыстық ыдыстарды да сыйлады. 

Реті келгенде айта кетейік, қалаға көшкісі келетін ауыл тұрғындарынан өтінімдерді қабылдау әлі де жалғасып жатыр. 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар