Заңгер Мейірман Шекеев Аша Матайдың үгіт-насихатқа қатысты мәлімдемесіне пікір білдірді, деп жазады Alash.kz.
Ол кандидаттардың халық алдына шығуы маңызды екенін алға тартып:
«Бүгін 23-і күні Аша Матай осы уақытқа дейін неге үндемей келгенін жариялады. Уақыт белгіленбейінше заң бұзбаймын депті. Өз тағдырымызды солардың қолына ұстатайын деп отырмыз. Сондықтан, тағдырымызды кімге ұстатанымызды білу үшін халықтың талабы – сайлауға түсушілер елге келуі керек. Менің Аша Матайды дебатқа шақырғаным әлі өз күшінде», – деді.
Заңгер кандидаттыққа түсіп жатқан өнер иесін, оның партиясын да ашық дебатқа шақырды:
«Аша Матайды бүкіл партиясымен жекпе-жекке шақырамын. Қорықса, бұғып қалсын!»