АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Оңтүстік округтің федералдық соты Венесуэланың бұрынғы президенті Николас Мадуро мен оның жұбайы Силия Флореске қатысты сот процесін 2027 жылғы 1 маусымда бастауды белгіледі, деп жазады Alash.kz.
Оларға есірткі саудасына және есірткі терроризміне қатысы бар деген айып тағылып отыр. АҚШ билігінің мәліметінше, Мадуроға төрт айып тағылған, оның ішінде АҚШ аумағына кокаин жеткізу мақсатында сөз байласты деген айып бар. Егер кінәсі дәлелденсе, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, сот процесін 2027 жылдың маусымында өткізуді айыптау тарапы да, қорғаушылар да қолдаған. Мадуроның адвокаты Барри Поллак мұндай кестені шынайы әрі іске асыруға болатын мерзім деп бағалады.
Сонымен қатар қорғау тарапы бұл істің заңдылығына күмән келтірмек. Адвокаттар Мадуро егемен мемлекеттің басшысы ретінде иммунитетке ие болғанын алға тартып, істі тоқтатуды сұрауды жоспарлап отыр.
Тараптардың өтініштері қаралатын сот отырысы 2026 жылғы 17 қарашаға белгіленген. Ал сот процесінің түпкілікті кестесін сот кейінірек бекітеді.
Николас Мадуро мен Силия Флорес 3 қаңтарда Каракаста америкалық арнайы жасақ қызметкерлерінің қолына түсіп, кейін Нью-Йоркке жеткізілген. Кейін оларға ресми айып тағылды. Екеуі де өздеріне тағылған айыптарды жоққа шығарып отыр.
Николас Мадуроның АҚШ-тағы сот процесіне қатысты жаңа ақпарат тарады
Талғарда «Дала қырандарының» белсенділері республикалық #жаттығу жобасын# бастады
23:22, 13 қыркүйек 2026
Трамп Зеленскийді Ресейдегі отын нысандарына шабуыл жасауды тоқтатуға шақырды
22:00, 13 қыркүйек 2026
Нұрсұлтан Назарбаевтың 21 жастағы ұлы үйленгелі жатыр – Назарбаев кіммен құда болды
18:54, 13 қыркүйек 2026
Тоқаев: Жасанды интеллект саласы бойынша БРИКС плюс серіктестігін іске қосуды ұсынамын
17:10, 13 қыркүйек 2026
«Қазақстан сияқты достас елдердің озық тәжірибесіне сүйенеміз» – Эфиопия Премьер-министрі
13:24, 13 қыркүйек 2026
Үздік үштікке енді: Ақмарал Ерекешева Чехиядағы Гран-Придің күміс жүлдесіне ие болды
12:19, 13 қыркүйек 2026
«Жоғары бағалаймын»: Трамп Тоқаевты Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады
11:30, 13 қыркүйек 2026
«Трамп жолдаған құттықтау хатты табыстады»: Тоқаев АҚШ Президентінің арнайы өкілімен кездесті
10:00, 13 қыркүйек 2026
«Кездесіп, шешім қабылдауымыз қажет»: Зеленский Путинмен кездесуге дайын екенін мәлімдеді
21:17, 12 қыркүйек 2026
"Екінші мәрте сүрінген". Қазақстан ерлер құрамасы Азия ойындарында Филиппиннен жеңілді
21:15, 12 қыркүйек 2026
Песков Зеленскийге "ақыл айтып", Путинмен кездесу үшін Мәскеуге келуді ұсынды
18:28, 12 қыркүйек 2026