Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанды басқарған шенеуніктердің АҚШ-тағы мүліктері әлемге жария болды

14:24, 18 мамыр 2024 793

АҚШ топырағынан Қазақстанда билік құрған бұрынғы шенеуніктердің жылжымайтын мүліктері анықталды. Бұл туралы Alash.KZ ұлттық порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сүйене отырып хабарлайды. 

Global Financial Integrity АҚШ-та күмәнді ақшаға коммерциялық жылжымайтын мүлік сатып алған шетелдік бизнесмендер туралы деректер жариялады. Осы тізім бойынша Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпуновтың, бұрынғы мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев және Казкоммерцбанктің бұрынғы иесі Асқар Алшынбаевтың АҚШ-та жылжымайтын мүліктері бар екені анықталды. 

Виктор Храпунов бұл тізімде олигарх ретінде көрсетілген. Сараптамада мемлекеттен қаржысынан 300 миллион доллар жымқырғаны үшін сырттай сотталған Алматының экс-әкіміне сол қаражатты заңдастыру үшін Нью-Йорктен қонақ үй мен медициналық орталық сатып алғаны айтылған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар