Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді

15:15, 21 мамыр 2024 555

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді, деп хабарлайды Alash.kz.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек өз сөзінде, жоғарғы оқу орнына қабылдау тесті SAT стандартталған тест форматына көшетінін айтты. 

Енді министрлік екі бағытта жұмыс істейтінін де баяндады:

Тестологтарды дайындау жұмысы өткен аптада аяқталды. 350 қазақстандық маманды әйгілі француз компаниясы дайындап шықты. 

Ал ҰБТ-ға техникалық қызмет көрсетумен фин компаниялар тобы жұмыс істейді. 

"Форматтың өзі де өзгереді. Үміткерлер ҰБТ-ны бес рет тапсырады: екі сынақ, екі негізгі және біреуі ақылы білім алуға арналған. Енді үміткер сайтқа тіркеліп, тест тапсырады, содан кейін университетке түсу туралы сертификат алады", - деді министр. 

Бұл жоспар келесі жолы жүзеге асатыны белгілі болды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар