Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанда қосымша құн салығы мөлшерлемесін өсіруге қарсы петиция жарияланды

15:53, 03 ақпан 2025 119
Қосымша құн салығы (ҚҚС) мөлшерлемесін көтеруге қарсы петиция бүгін e-petition.kz сайтында жарияланып, алғашқы сағаттарда 1500-ден аса қаралым жинап, 300-ден аса адам дауыс беріп үлгерген.
Петиция авторы, салық жөніндегі кеңесші Файзирхаман Миянов ҚҚС мөлшерлемесін көтеру жобасы Ұлттық экономика министрлігінің бюджетті толықтыру ұсынысы тұрғысынан ғана қарастырылып, бұл ретте бизнестің және жалпы ел азаматтарының пікірі ескерілмей отырғанын айтады, деп жазады Alash.KZ.

Маманның айтуынша, барлық қазақстандық: мейлі ол тұтынушы болсын, жеке тұлға болсын, салық төлеуші болсын енгізілгелі жатқан өзгерісті сезінетін болады. Өйткені мұндайда бизнес пен қоғамды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылын қамтитын басты мақсат бұзылады.

"2025 жылы 28 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Үкімет басшысы Олжас Бектенов жаңа салық реформасы шеңберінде ҚҚС мөлшерлемесін 15%-дан  20%-ға арттыру керек екенін мәлімдеді. Ал ҚР Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2025-20229 жылдарға арналған республикалық бюджет өлшемдерінің болжамымен қатар мыналарды ұсынды: 1) ҚҚС тіркеу шегін 3 815 АЕК-ке дейін төмендету (жылына 15 млн теңге) 2) ҚҚС мөлшерлемесін 2025 жылғы қазаннан бастап бір мезгілде 20% - ға дейін ұлғайту", делінген петицияда.

Dalanews.kz сайтының жазуынша, петиция авторлары мұнымен келіспейді, сөйтіп 2024 жылғы 7 ақпандағы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзін келтіреді. Ол кезде Президент дайындалып жатқан Салық кодексіне көңілі толмайтынын айтқан еді:

"Қазіргі таңда Салық кодексі дайындалып жатыр. Бұл құжат инвесторларға қолайлы жағдай жасап, бюджетке көлемді қаржы түсуін қамтамасыз етуі қажет. Алайда,  Қазақстанда түпкі мәні өзгеріп кеткен қосымша құн салығының өзін реформалау қажет. Оны 12 пайыздан 16 пайызға дейін көтеру мәселені шешпейді. Сарапшылар қосылған құн салығын көтеру көлеңкелі экономиканың үлесін арттырып, инфляцияның өсуіне әкеп соқтыруы ықтимал деп орынды пікір білдіріп жатыр. Бұл қадам еліміздің инвестициялық тартымдылығына да кері әсер етуі мүмкін", деген еді Президент.

Яғни, наразылық білдірушілер қосымша құн салығының өзін реформалау керек деп санайды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар