Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Қазақфильмнің” вице-президенті 5 жылға сотталды. Неге?

10:13, 07 маусым 2024 526

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ вице-президенті сотталды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Алматының Бостандық аудандық соты Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ бұрынғы вице-президенті Жұбандыков С.С.-қа қатысты үкім шығарды.

Ол «Көшпенділер» киножобасы аясында Іле өзенінің жағасында салынған «Түркістан қаласы» бутафорлық бекінісін нарықтық құнынан 44 есе төмен бағаға заңсыз сату арқылы ұрлағаны үшін сотталды. Бұл ісі мемлекетке залал келтірді.

Жұбандыков С.С.-ке 5 жыл шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жер учаскесі мен бекініс мемлекет меншігіне қайтарылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар