Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Қазақ тілін меңгерген”. Түменде қазақтың дәстүрімен ұзатылған орыс қызы көпті тәнті етті (Видео)

14:45, 07 тамыз 2025 343

Анжелика есімді қыз Ресейдің Түмен қаласында өз тойын қазақтың салт-дәстүріне сай өткізген. Ол өзінің күйеу жігітінің ұлты орыс, алайда қазақтардың отбасында тәрбиеленгенін жазған, деп хабарлайды Alash.KZ.

Анжелика қазақтың әндерін сүйіп тыңдап, қазақ тілін меңгерген. Ол қазақ әншісі Роза Әлқожаның жанкүйері екен. Омбыда болған әншінің концертіне арнайы барып қатысқан.

Өз тойында да әнші әнінің сүйемелдеуімен шыққан. Тойдың үстінде оған енесі ақ орамал таққан.

Қалыңдықтың өзі той қазақ-орыс стилінде өткенін жазған.

 «Екі мәдениетті, екі дәстүрді, екі отбасыны – әртүрлі тілде сөйлеп, әртүрлі салтта өскен жұпты біріктіру күрделі, бірақ шексіз қызықты процесс. Бастапқы сәттен-ақ бұл үйлену тойы тек екі түрлі мерекені механикалық біріктіру емес, әрбір мәдениеттің озық тұстарын үйлесімді ұштастыру, тамырға деген құрметпен мүлде жаңа, ерекше той жасау болатынын түсіндік. Қиындықтарға қарамастан, бұл тойға дайындық қуаныш пен толқынысқа толы болды. Біз екі отбасының бір-біріне жақындасып, бірін-бірі түсініп, өзара мәдениетті құрметтеуді үйреніп жатқанын көрдік. Фатаны шешу рәсімі – үлкен символикалық мағына мен сезімге толы сәт. Бұл – қалыңдықтың жаңа өмірінің басталуы, жаңа отбасыға қадам басуы және өз жұбайының халқының дәстүріне деген құрметін білдіретін ерекше белгі. Қазақ дәстүрімен таныс емес қонақтардың өзі бұл сәттен ерекше әсер алды», - деп жазған Анжелика.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар