Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қауесеттер біржола тоқтатылуы тиіс" – Аида Балаева "Қазақфильмнің" жеріне қатысты мәлімдеме жасады

19:30, 31 наурыз 2025 419

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қоғамда қызу талқыланып жатқан "Қазақфильм" киностудиясының болашағына қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады Alash.KZ.

Ол әлеуметтік желілер мен ақпарат құралдарында тараған кейбір қауесеттердің негізсіз екенін атап өтті. 

Министрдің айтуынша, киностудия аумағына қатысты алаңдаушылық туғызған ақпарат шындыққа жанаспайды.

"Қазақфильмге" тиесілі жер сатылған жоқ және тек кинематография мүддесі үшін пайдаланылып жатыр. Бұл мәселе төңірегіндегі негізсіз қауесеттер біржола тоқтатылуы тиіс", – деді Балаева.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар