Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қар, көктайғақ, тұман: 3-ақпанға арналған ауарайы болжамы

09:14, 03 ақпан 2025 95

3 ақпанда Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-шығысында қалың қар жауып, жолда көктайғақ болады деп күтілуде. Ал республиканың оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз.

«Қазгидромет» мамандарының болжамына сүйенсек, Астанада және көптеген облыстарда дауылды ескерту жарияланды. Ескерту жария болған облыстар: Ұлытау, Қарағанды, Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Қызылорда, Ақмола, Абай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Түркістан, Жамбыл және Батыс Қазақстан. Ескертудің негізгі себебі  қалың тұман, қарлы боран және көктайғақ.

Астанада ауа температурасы күндіз -1 +1 °C, қар жауып, боран соғып көктайғақ болады. Түнде -3 -5 °C, аздап қар жауып, тұман түседі. Желдің жылдамдығы – 9-14 м / с. 

Алматыда ауа температурасы күндіз -1 -3 °C, қар жаумайды. Таңертең тұман, жолдарда көктайғақ. Түнде -10 -12 °C, тұман және көктайғақ. Желдің жылдамдығы – 2-7 м / с. 

Шымкентте күндіз +5 + 7 °C, жауын-шашынсыз. Түнде -3 -5 °C, жауын-шашынсыз, тұман. Желдің жылдамдығы – 5-10 м / с. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар