Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қайғылы жағдай: Ақтауда жоғалып кеткен 80 жастағы зейнеткер өлі күйінде табылды

18:05, 14 шілде 2025 314

Ақтауда жоғалып кеткен 80 жастағы зейнеткер өлі күйінде табылды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Lada.kz хабарлауынша, 12 шілдеде таңертең серуенге шығып, қайта оралмаған 80 жастағы Валерий Каракозовты іздестіру қайғылы нәтижемен аяқталды.

Зейнеткер мен оның иті бұрынғы президент резиденциясының маңынан өлі күйінде табылғанын марқұмның туыстары хабарлады. 

Қайтыс болу себебі әзірге ресми түрде жарияланған жоқ.

Еске сала кетейік, Валерий Каракозов 12 шілде күні таңғы сағат 07:30 шамасында Ақтаудың 12-шағынауданындағы үйінен итін серуендетуге шығып, содан бері байланысқа шықпаған.

Жақындары алғашқы күннен-ақ полицияға хабар беріп, іздеуге өз беттерінше кіріскен. Олар бақылау камераларынан алынған жазбаларды таратып, қала тұрғындарынан көмек сұраған болатын. Алайда үш күндік іздестіру қайғыға ұласты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар