Қазақстанда бет-жүзді тұмшалайтын киімге ресми түрде тыйым салынды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық орындарда адамның бет-жүзін тануға кедергі келтіретін киімді киюге тыйым салатын заңға қол қойды.
«Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» заңға енгізілген түзетулерге сәйкес бет жабатын киімді тек мынадай жағдайларда киюге рұқсат етіледі:
- заң талаптарын орындау кезінде;
- қызметтік міндеттерге байланысты;
- медициналық көрсеткіштер бойынша;
- қолайсыз ауа райынан қорғану үшін;
- азаматтық қорғаныс мақсатында;
- спорттық-бұқаралық және мәдени көпшілік іс-шараларға қатысу барысында.