Әлеуметтік желіде есек арбаны тоқтатып, иесіне айыппұл жазып жатқан полиция қызметкерінің оғаш әрекеті туралы видео тарады, деп жазады Alash.KZ.
Видеоны түсіріп тұрған жігіт:
"Неше түрлі сұмдық көрдім, бірақ мынадай сұмдық көрмедім. Мынаны қара, есекке штрап жазып беріп жатыр. Қатты жүріп қойған ғой, или бір жерге дұрыс парковать етпеген бе екен?" дейді.
Видеоның қай қалада түсірілгені белгісіз. Видеода жол бойында, жаяу жүргіншілер өткелінің жанында арбаға жегілген екі есек тұр, қасында әйел адам мен полиция қызметкері және полиция көлігі.