Беларусь президенті Александр Лукашенко Ресей-Украина арасындағы қақтығысқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Alash.kz.
Оның айтуынша, екі ел арасындағы соғыс жақын арада аяқталмақ.
«Украинадағы соғыс алдағы айларда аяқталады. Бұл – менің жеке пікірім. Болды, күш те, ресурс та жоқ. Бәрі шаршады.
Ресурстар туралы айтқанда, қандай да бір ресурстардың жетіспейтінін меңзеп отырған жоқпын. Ресейдің ресурсы бүкіл әлемге жетеді. Адамдардың басында ресурс қалмады. Барлығы бұл соғыстан шаршады», – деді Александр Лукашенко Еуразиялық қауіпсіздік жөніндегі IV Минск халықаралық конференциясында.