Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Павлодар облысында болған аса қайғылы жағдайдан үш адам қаза тапты

00:22, 06 шілде 2025 454

Павлодар облысы, Көктөбе ауылының маңында жол апаты болды. Салдарынан 3 адам қайтыс болды деп хабарлады облыстық полиция департаменті. Бұл жайлы Alash.KZ. порталы жазды.

Қайғылы оқиға Павлодардан 37 шақырым жердегі Көктөбе ауылының іргесінде болған.

"Екі автокөлік соқтығысқан. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады. Жергілікті жерде полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр", - дейді ведомство.

Полиция департаменті мұндай оқиғалардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жылдамдық режимін сақтауды, әсіресе көлік көп жүретін жерлерде мұқият болуды қатаң ескертті. Сондай-ақ көлік құралының техникалық жағдайын бақылау маңызды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар