Продюсер, әнші Мөлдір Мұқан отбасындағы үш бірдей қуанышты қатар атап өтті, деп жазады Alash.kz.
Өнер иесі үлкен қызы Әдемінің жоғары оқу орнын аяқтап, диплом алуын, екінші қызы Айымның мектеп бітіруін және кенже ұлы Райымбектің сүндет тойын атап өту үшін жақындарын басын қосып, дүркіретіп той өткізді.
“Отан - отбасынан басталады деп өскен қыздарыңызбын ғой.
Балаларымның қуанышына арнап, жақындарымды жинап, баталарын алып, тілектерін тыңдап, әр жақсы сөзді Жаратқан ием, қабыл ете көр деп ішімнен қайталап жүрдім.
Отбасымның тойын - Отанымның Астана күнімен қатар тойлау бұйырған екен. Осы күні сіздер де менімен болғандарыңыз үшін, қонақтарыма да, инстаоқырмандарыма да шексіз алғыс айтамын”,- деп жазды Мөлдір Мұқан.
Өнер иесі Астана күніне орай жеке мұрағатындағы суретті жариялап, Нұрсұлтан Назарбаев жайлы естелігін бөлісті.
Астанамды қатты жақсы көремін. Бес перзентімнің өмірге келген қаласы, жастығымның куәсі. 2000 жылы оқуға түсіп, осы қаламен бірге мен де өстім. Қалам да жайнап жарқырап тұр, Еліміз де өркендеп өсіп жатыр. Әр кірпішін жақсы көремін, әр тұрғыны менің туғанымдай деп те айта аламын.
Осы атаулы мейрамның құрметіне менің де мұрағатымда сақталып тұрған бейнемен тағы бөліскім келді. Астана қаласына тікелей қатысы бар Елбасымен осындай естелік бар. Ол кісінің қолынан ұстап тұрған сүйкімді томпиған қара қыз - Айым.3 қуаныш - 1 той деген атаумен болған мерекемдегі бір қуанышым қазіргі осы аппақ қызым Айымның мектеп бітіруі еді. Сұлуым, өнерлім, еңбекқорым, ЖОЛЫҢ АШЫҚ БОЛСЫН. Сен менің дұғамдасың, қызым! ЖҰЛДЫЗЫҢ ЖАРҚЫРАЙ БЕРСІН, БАҒЫҢ БЕС ЕЛІ БОЛСЫН”,- деп жазды Мөлдір Мұқан.