Қазақстанда 2026 жылдан бастап зейнетақы мен жәрдемақы 10,5%-ға өседі, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, жаңа пайыздық өсім 2,6 миллионнан астам зейнеткер мен 2,3 миллионға жуық жәрдемақы алушыны қамтиды.
Министрліктің дерегінше, 2026 жылы әлеуметтік төлемдерге 6,8 триллион теңге бөлінеді. Бұл – 2025 жылмен салыстырғанда 860,5 миллиард теңгеге көп. Оның ішінде 622,6 миллиард теңге төлем мөлшерін арттыруға, ал 237,9 миллиард теңге алушылар санының артуына бағытталады.
Базалық зейнетақы да ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне қарай қайта есептеледі.
Министрлік Президент тапсырмасы аясында базалық зейнетақыны кезең-кезеңімен арттыру жалғасатынын еске салды.
2023 жылдан бері оның ең төменгі мөлшері күнкөріс деңгейінің 70 пайызына, ал ең жоғарғысы 120 пайызына дейін жеткізілген.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап бұл көрсеткіш қайта өсіп, базалық зейнетақының ең жоғары мөлшері күнкөріс деңгейінің 118 пайызына дейін көтеріледі.