Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Орал қаласының әкімі үйі суға кеткен тұрғынға 2,2 млн теңге төлейтін болды

18:00, 25 қаңтар 2025 367

БҚО мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында шаһар тұрғынының Орал қаласының әкіміне дау айтуы туралы іс қаралды. 

БҚО сотының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, өткен жылы су тасқыны салдарынан зардап шеккен азамат қала және облыс әкімдіктеріне жүгініп, оның тұрғын үйін тұруға жарамсыз деп тану және тұрғын үй беру туралы өтініш жазған, деп хабарлайды Alash.KZ порталы KAZINFORM порталына сілтеп. 

Алайда бас тарту туралы жауап алған. 

- Істі қарау барысында судьяның ұсынысымен тараптар келісімге келді. Келісімнің шарттары бойынша талапкер талап қоюдан бас тартады. Жауапкер өз кезегінде биылғы 1 наурызға дейінгі мерзімде талапкерге төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен адам ретінде мүлікті бағалау туралы есепке сәйкес 2 млн 231,082 мың теңге мөлшерінде залал сомасын төлеуге міндеттенді, - деп хабарлады ведомстводан.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар