Әнші Димаш Құдайберген қазақ өнерінің аңызы, театр және киноның ірі тұлғасы Асанәлі Әшімовтің отбасына көңіл айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
«Қазақ өнерінің тұтас дәуірі мен тарихын арқалаған алып тұлға өмірден өтті… Сіз – қазақ өнерінің ғана емес, тұтас бір ұлт руханиятының темірқазығы болған ұлы тұлға едіңіз. Маған берген ақ баталарыңыз, әрбір өнегелі сөзіңіз – өмірлік бағдар, өнер жолындағы ең қымбат рухани мұра. Сіздің сеніміңіз бен ақыл-кеңесіңіз мені әрдайым биік жауапкершілікке, адалдық пен тазалыққа жетелеп келеді. Өнерге, адамдыққа, ұлтқа деген сіздің ұстанымыңыз кейінгі буын үшін өлмес өнеге. Сол өнегені жүрегімде сақтап, әрдайым лайық болуға тырысамын.
Ағамыздың рухы пейіштің төрінде шалқығай! Отбасына, жақындарына Жаратушы иеміз сабыр берсін. Қазаның арты қайырлы болғай», – деді ол.