Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Аспанға кеттің… Мәдиіңді ойлап, Сағиыңды сағынып…”: Тұңғышбай Жаманқұлов марқұм Асанәлі Әшімовті есіне алды

“Аспанға кеттің…  Мәдиіңді ойлап, Сағиыңды сағынып…”: Тұңғышбай Жаманқұлов марқұм Асанәлі Әшімовті есіне алды

Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов қазақ өнерінің аңызы, ұлт руханиятының абызы Асанәлі Әшімовке жантебірентерлік жазба арнады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

«Асқар тауымыз едің — аласармадың… Аспанға кеттің… Мәдиіңді ойлап мұң байладың… Сағиыңды сағынып сал шекпен жамылдың… Қатарыңнан жалғыз едің — соңдарынан кеттің… Қатарымнан жалғызбын — арттарында қалдым…. Ағалық жасап арқамнан қақпадың — әлжуаздықтан сақтадың…Көкем болып, көңілімді өсірмедің — кішілігім кем боп жақпадым… Жерлес ретінде жығылғанымда жебемедің — өз күшіме сендірдің… Сүйеніш болмадың — жансірілікке үйреттің… Тірегім болмадың — табаным таймастай тағаладың… Белімді бумадың — бекемдікке баулыдың… Алдымда жүріп, адымымды ұзарттың… Соңыңда қалдырмадың — ізіңде жүргенімді сездің… Қатарымды тептің… Тізеңді батырдың — Мен кештім… Биіктігіңе парапар, Пенделігіңді көрдім — Өзің де кеш… Өкпеге қисам да, Өлімге қимадым… Сарыуайым — Сағынышқа айналдың… Қош… Бақұл бол…», деп жазды ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар