Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы Тұңғыш президент мұражайында өткен экскурсия кезінде көпшіліктің көзіне түсті, деп хабарлайды Alash.kz.
Бейнежазба мен фотосуреттерден Назарбаевтың оқушылармен және ұстаздармен естелікке суретке түскені байқалады. Кадрларда оның көңіл күйі жақсы екені көрінеді.
Аталған мұражай елорданың орталығында орналасқан бұрынғы президент резиденциясында орналасқан. Мұнда Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке заттары, шетелдік делегациялар сыйлаған естелік бұйымдар және тарихи мұрағат материалдары сақталған.
Айта кетейік, Назарбаев соңғы уақытта жұрт алдына сирек шығып жүр. Бұған дейін ол елорда мешітіне барып, одан бұрын Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен болатын.