Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Нығматулин мен Қожамжаровтың "Қаңтар оқиғасына" қатысы бар ма?

17:54, 29 шілде 2024 803

Билікті басып алуға ниеттенгендің арасында түрмеде жазасын өтеп жатқан ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімов қана емес, сонымен қатар, ескі Қазақстанның басқа да өкілдері бар, - деп хабарлайды Alash.KZ сайты Dalanews.kz сайтына сілтеп.

Дереккөздердің мәліметінше, үкімет коридорларында билікті басып алуға тырысқан Мәсімов пен оның қоластындағылардан бөлек, Мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулин мен Қазақстанның қаржы полициясының экс-басшысы және Қазақстанның бұрынғы бас прокуроры Қайрат Қожамжаровтан құралған триумвират бар.

«Мысалы Нығматулин қаңтар оқиғасы кезінде Қазақстан Парламентінің екі палатасын және бірден Қазақстанның бірнеше орталық өңірлерін бақылап отырса, ал Қожамжаров - Қазақстан Бас прокуратурасының барлық қызметкерлерін және Қазақстанның қаржы полициясы қызметкерлерін бақылап отырды.

Сонымен қатар, Қожамжаров Қазақстанның ең киминал өңірі - Жамбыл облысында бірнеше ірі ұйымдасқан қылмыстық топты бақылаған. Яғни Нығматулин мен Қожамжаровтың қолында мемлекеттік төңкеріс сәтті өткен жағдайда, қаралы "қаңтар оқиғаларының" басында тұрған барлық адамды қылмыстық қудалаудан аман алып, олардың әрекеті заңды болғанын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін барлық құрал болды.

Қазіргі таңда Нығматулин де, Қожамжаров та қаралы қаңтар оқиғасына байланысты ешқандай тергеуден өткен жоқ. Бір кездері Ішкі істер министрлігін басқарған Ерлан Тұрғымбаев та тергеуден сытылып, кейін ұсталып, оған тағылған айып негізінде қамауда отыр».

Енді Нығматулин мен Қожамжаровтың қаңтар оқиғасына қатысы туралы ақпараттың көпшілік алдына шығуы Тұрғымбаевтың жағдайындағыдай уақыттың еншісінде.

«Себебі мұндай ақпаратты Қазақстанның құзырлы органдары Талғат Махатовқа қатысты қылмыстық процесті қарастыру барысында айтуы мүмкін. Махатов – Қожамжаровтың сенімді өкілі және қаңтар оқиғасы кезінде Алматыда жүрген қарулы және қылмыстық топтың құрамында болған.

Сонымен қатар, Махатов Арман Жұмагелдиев - «Дикий Арманмен» байланысты болып, оның адамдарын, мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған «ескі Қазақстан» өкілдерін қарумен қамтыған.

Махатовқа қатысты процесс, өкінішке қарай, жабық өтеді. Бұл «ескі Қазақстанның» қазіргі билікті дискредитациялап, өзін қорғау үшін жасап отырған әрекеті. Және бұл Қожамжаров секілді «ескі Қазақстан» өкілдерінің Қазақстанның саяси және бизнес-элитасымен, қазіргі және бұрынғы құқық қорғау органы қызметкерлерімен, сот корпусындағыларымен байланысты екенін көрсетеді», - дейді сарапшылар.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар