Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Надандық дейміз бе? Білімсіздік дейміз бе?»: Назгүл Қарабалина өзін сынайтындарға жауап берді (ВИДЕО)

15:54, 30 маусым 2026

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы, Дарын мемлекеттік сыйлығының және «Тарлан» сыйлығының лауреаты, продюсер әрі режиссер Назгүл Қарабалина өзінің отбасылық өмірі мен қоғам тарапынан қойылатын орынсыз сұрақтарға қатысты өз ұстанымын білдірді, деп хабарлайды Alash.kz.

Актрисаның айтуынша, оған жақын араласатын етене жақындары ешқашан жеке өміріне қатысты артық сұрақтар қоймайды. Керісінше, өзінен алшақ жүретін, жақын танымайтын адамдар оның өміріндегі барлық жайттарды егжей-тегжейлі білгісі келіп, қызығушылық танытады. Сонымен қатар, өнер иесі ашық әңгіме барысында өзінің алғашқы некесіне де тоқталып, бірінші күйеуіне уақытында өзі бірінші болып ғашық болғанын да жасырмай, ашық жария етті.

Назгүл Қарабалина қоғамда жиі қойылатын бала санына қатысты сыни сұрақтарды мәдениетсіздікке балап, келесідей пікір білдірді:

«Маған «Неге бір баладан артық тумадың?» деп сұрақ қоятындарды қандай адам деп айтсам екен. Оны надандық дейміз бе, білімсіздік дейміз бе? Одан жоғарылатып айту қиын сияқты. Құдай солай берді, оған қарсы келе аламыз ба? Ұлымыз өсіп келе жатыр, оған шүкіршілік дейміз. Маған жақын адамдар жеке сұрақ қоймайды, бірақ алыстау адамдар мен туралы бәрін білгісі келеді».

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар